«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» 2 қыркүйек 2019 ж. (ZIP 46 Kb)

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан (ZIP 42 Kb)

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 ж. 05.10. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2018 ж. 12.10. №772 Жарлығымен бекiтiлген iс-шаралардың Жалпыұлттық жоспарының 3-тармағын iске асыру шеңберiнде, 2019 жылдың қаңтарынан бастап Басқарма қызметкерлерiнiң еңбекақысын арттыру күтiлуде, сондай-ақ жұмыскерлердiң санын қысқартуға жол бермеуге бағытталған жұмыс жүргiзiлiп жатыр.

Жер инспекциясы басқармасының 2017 жылдың 01 қаңтары мен 01 тамызы аралығындағы iс-әрекетi туралы ақпарат

Жер инспекциясымен 2017 жылдың 1 қаңтары мен 2017 жылдың 01 тамызы аралығында 213872,2 га алаңда 162 тексеру жүргiзiлдi.

Жалпы, 50 жоспардан тыс тексерудiң нәтижесi бойынша 20954,8 га алаңда 36 бұзушылық анықталған, о.i. елдi мекен жерлерiнде18,1 га және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде 20936,7 га, олардың 15682,4 га егiстiк және 5254,3 га жайылым алқабы.

1 ескерту және 21 айыппұл түрiнде сомасы 2212,3 мың теңгеге 22 әкiмшiлiк жаза қолданылды, олардың сомасы 850,9 мың теңгеге 8 айыппұлы өндiрiп алынды.

Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға анықталған бұзушылықтар бойынша бұзушылықтарды жою туралы 11 жазбаша нұсқама берiлдi, олар жер учаскелерiне құқық ауыртпалығы ретiнде әдiлет органдарында тiркелген.

2015-2016 жж. берiлген нұсқамалардың орындалуын бақылау мақсатында 112 бақылау тексеруi жүргiзiлдi, нәтижелерi бойынша 47 нұсқама орындалды, ауданы 466196,3 га бұзушылық жойылған, о.i. егiстiк 315,6 га және жайылым 45878 га, жер пайдаланушылар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi пайдалануға кiрiстi. Жайылымдарда мал бағу үшiн пайдалану мақсатында ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 2274, оның 1304 — IҚМ, 850 — ҰҚМ және жылқы 120 мал басы сатып алынды.

Бақылау тексерулерiнiң нәтижелерi бойынша 65 нұсқама орындалмаған, ауданы 135833,6 га бұзушылық жойылмаған,о.i. елдi мекен жерлерiнде 28,1 га және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде 135805, 5 га, олардың 17473,5 га егiстiк және 118332 га жайылым. Анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қайтадан 65 нұсқама берiлген, олар жер учаскелерiне құқық ауыртпалығы ретiнде әрi қарай тiркеу үшiн әдiлет органдарына жолданған болатын.

Бұрын берiлген нұсқамаларды орындамау бойынша ӘҚБтКо 462-бабының 3-б. бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 61 хаттама толтырылды да қарау және сәйкес шараларды қабылдау үшiн сот органдарына жолданған болатын.

Нәтижесiнде 54 материал сотпен қаралған және сомасы 12,2 млн.теңгеге 53 айыппұл салынған, 6 материал соттың қарауында жатыр.

Сондай-ақ, Б.Д. Қуанышевқа қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзу ӘҚБтКо 462-бабының 1-б. бойынша мемлекеттiк инспекция мен мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларына құзыреттерiне сәйкес қызметтiк мiндеттерiн орындауға кедергi келтiргенi үшiн әкiмшiлiк iс жүргiзу қозғалды. Нәтижесiнде, Б.Д. Қуанышев 100 АЕК көлемiнде әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды.

2015-2017 жж. ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланбайтын анықталған жерлер бойынша (жалдау шарттары бұзылды, жер пайдалану құқығы тоқтатылды) 527501 га, о.i. 64420 га егiстiк пен 463081 га жайылым мемлекеттiк меншiкке қайтарылды, олардың 232553 га ауыл шаруашылық айналымына тартылды, о.i. 56739 га егiстiк те 175814 га жайылым.

2016-2017 жж. мерзiмi iшiнде Басқармамен жалпы ауданы 18,2052 га мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жер учаскесiн мәжбүрлеп алып қою туралы 25 талап-арыз берiлген болатын. Жалпы ауданы 15,9205 га жер учаскелерiне 18 талап-арыз, о.i. Петропавл қаласы бойынша жалпы ауданы 12,0590 га 14 талап-арыз қанағаттандырылды, олардың iшiндегi ең iрiлерi болып есептелетiндерi:

  • «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ нысаналы мақсаты кешендi тұрғын үй құрылысы үшiн ауданы 8,1146 га жер учаскесi.
  • «АВК-Проект» ЖШС нысаналы мақсаты коттедждiк кент құрылысы үшiн ауданы 1,9 га жер учаскесi.

2015 жылғы 30 қарашадағы Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсiм, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына жолдауын iске асыру бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы жер инспекциясы басқармасы iс-шараларының жоспары

Іс- шара Аяқталу нысаны Орындалу мерзімі Жауапты орындаушылар
1. 2016 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын орындау бойынша жер инспекциясы басқармасы ұжымының жиналысын өткізу Хаттама қаңтар басқарма басшысы
2. Солтүстік Қазақстан облысының аумағында жер қатынастары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру және мемлекеттің мүддесін қорғау баяндама, баспасөз хабарламасы,  сөз сөйлеу қажеттілік бойынша басқарма
3. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71-жылдығына арналған салтанатты іс-шара Соғыс ардагерлеріне көмек көрсету бойынша іс-шараларға қатысу 9 мамыр басқарма қызметкерлері
4. Өңірлік БАҚ-да мемлекеттік және орыс тілдерінде «СҚО жер инспекциясы басқармасы» ММ атқарылған жұмысы туралы ақпаратты орналастыру өңірлік телеарнада сөз сөйлеу, БАҚ-да мақалаларды жариялау Бір жылдың ішінде басқарма қызметкерлері
5. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25- жылдығына арналған салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25- жылдығын мерекелеу бойынша іс-шараларға қатысу Бір жылдың ішінде басқарма қызметкерлері

Солтүстiк Қазақстан облысы жер инспекциясы басқармасының Президент Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары

Мақаланың шыққан күні: 02.05.2018 17:08

Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.10.2019 18:27

Басқармасы басшысы
Жайлыбаев Бейбiтбек Шындалыұлы

Подать резюме

Сәуір 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ

@2020 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң жер инспекциясы басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

A- A A+